Оралда Қазақстанға нәпақа іздеп келген өзбек азаматын өлтіргендер құрықталды

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыскерлер оны зәбірлеп, соққыға жыққан көрінеді. Марқұмның денесі мен киіміндегі қанды іздерге қарағанда олар өзбек азаматының үстіне мініп секірген болуы мүмкін, дейді полицейлер.

Шетел азаматының өліміне қатысы бар күдіктілерді табуға бейне-бақылау камералары көмектесті. Бұрын бірнеше рет істі болған олар қылмыс жасалғаннан кейін таксиге мініп, Атырауға кетіп қалған.

Қылмыскерлер қолға түсті. Өздерінің айтуынша, өзбекстандықтың қалтасынан 7 мың теңгеден басқа ақша шықпаған.