Чемпионатқа барлығы 13 команда қатысуда. Олар суперлига және жоғары лигаға бөлініп, сынға түсуде. Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қызылорда облысы бәйгеге қос командадан қосса, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Батыс Қазақстаннан бір-бір құрамадан қатысуда. Батыс Қазақстанның «Ақжайығы» суперлигада өнер көрсетуде.
Біріншілік қыркүйектің 15-інде мәреге жетіп, чемпион мен жүлдегер командалар анықталады.