Оралда қос бірдей полицей 50 мың теңге үшін сотталып кетті

Пара алған полицейлердің туыстары олар ірі айыппұл төлеп құтылады деп сенген еді. Өйткені соны прокурордың өзі сұраған. Бірақ бұлай болмай шықты. Пара алған жол сақшыларының бірі 5 жылды, ал қасындағы серігі 4 жылды арқалап кетті. Бұл екеуін де жүргізуші келіншек ұстап берген. Куәлігі де, сақтандыру құжаты да болмай шыққан әйел оған қоса өшірулі шаммен жүріпті. Ал тәртіп сақшылары сол үшін 150 мың теңге айыппұл салудың орнына одан 50 мың теңге сұраған. Сот үкімі олардың бүкіл әріптестерінің көзінше оқылды.

Loading...