Ойындар спорттың 14 түрінен: волейбол, шағын футбол, стритбол, қол күресі, қазақ күресі, үстел теннисі, жазғы президенттік көпсайыс, отбасылық жарыстар, бильярд және самбо күресінен ұйымдастырылып отыр. Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан барлығы 2 мыңнан астам спортшы қатыспақ.
Бұдан бұрын халықтық ойындар аясында волейбол сайысы мәреге жеткен болатын. Онда ерлер арасында БҚО құрамасы жеңімпаз атанса, шығысқазақстандықтар - екінші, Алматы облысы үшінші орынды еншіледі. Әйелдер арасында шығысқазақстандықтар үздік болса, БҚО - екінші, солтүстікқазақстандықтар үшінші орынды иеленді.
Шілденің 2-3-інде кейбір спорт түрлерінен алдын ала ойындар өткізілсе, шілденің 4-інде П.Атоян атындағы стадионда жарыс салтанатпен ашылмақ. Халықтық ойындар шілденің 6-сында мәреге жетеді.