Мың данамен басылып шыққан кітапта Жалпақтал мен Жәнібекте халық театрын құрған режиссердің өмірдегі және өнердегі жолы тартымды баяндалады. Түрлі суреттермен басылған жинаққа М.Ғұмаровтың әндері де енгізілген.
Кітаптың тұсаукесер рәсімінде кезінде облыстың мәдениет саласын басқарған ардагер, өлкетанушы Жайсаң Ақбай, кезінде сол театрда ойнаған, бүгінде зейнеткер Айсұлу Елжанова және басқалары Мұхамбетжан Ғұмаров туралы жылы лебіздерін білдірді.