Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол жергілікті түрмелердің бірінді сегіз жыл жазасын өтеп жатқан тұтқын болып шықты. Түрме әкімшілігі оны Шыңғырлау аудандық ауруханасына түскен анасымен жүздесіп қайту үшін босатқан көрінеді.
Хабарламаға сүйенсек, оқиға болған кезде ол жолдасымен ірге көлікте келе жатқан.
«Көшеде кетіп бара жатқан екі еркекті көрген ол көлік салонындағы қаруды ала салып, таныстарына қарай оқ атқан. Абырой болғанда, ол қаруды қайта оқтап жатқанда зардап шегушілер де қашып үлгеріпті», - делінген хабарламада.
Қалалық сот сәрсенбі күні оны екі айға тұтқындауға санкция берді.