Оралда сабақ тағы тоқтатылды


«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, таңғы 07.00-де температура -30о С аяз болды. Желдің жылдамдығы секундына 2 метрден келеді.

Қазір күннің суықтығы 33 градусқа дейін жетіп тұр.

Батыс Қазақстанда «кәрі құданың» қаһарына мінгеніне бүгін бесінші күн. Ауа райын болжаушылардың мәліметіне қарағанда, осы аптаның аяғына дейін аяз бәсеңдемейді. Тек келесі аптаның басында қайта бастайды.