Оралда шағын футболдан республикалық жарыс өтуде

«Динамо» спорт қоғамы орталық кеңесі спорт басқармасының бастығы Николай Князевтің айтуынша, аталмыш жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр. Турнирге ҚР ІІМ, шекара қызметі, қаржы полициясы, ҰҚК, Бас прокуратура, ішкі әскерлер, қылмыстық атқару жүйесі комитеті, және кеден комитетінің командалары қатысуда.

Жарыс жеңімпаз-жүлдегерлері бүгін анықталмақ. Сондай-ақ үздік ойыншылар да аталымдар бойынша марапатталмақ.