Шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмысы тек әуеден жүргізілуі тиіс. Бірақ Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінде оған қаражат қарастырылмаған. Өйткені зинякестердің осылайша қаптап кететін күтпеген екен. Санитарлардың пайымдауынша, бұған былтырғы су тасқыны себеп. Топан су сай-салаға жайылып, батпаққа айналып, сонда шіркейлердің жұмыртқалауына қолайлы жағдай туғызған. Қаржы жоқ деп қол қусырып отырған мамандар, 15-ші маусымнан кейін шыбын-шіркейдің көзі өзінен-өзі құриды, –деп сендіріп отыр.