Тәртіп сақшылары осы мульфильм кейіпкерінің сөзіне балалар құлақ асады деген сенімде. Спанч Боб жолдан қалай дұрыс өтіп, бағдаршамның жұмысын түсіндіріп жатқан уақытта полицейлер сырт киімге ілетін ленталарды таратты. Жарықты шағылыстыратын лента алыстан көрініп, сақтық шараларын күшейтеді. Ал балалар алып қуыршақты құшақтау үшін оның дәрісін тыңдауға дайын екен. Тек таратылған лента енді әржерде қалмай, оқушылардың киіміне тігілсе болғаны.