Оралда суға кеткен ағайынды екі бала іздестіріліп жатыр


Суға кеткендердің туыстары жеткіншектердің кішісі сал ауруымен ауыратынын айтуда. Оның денесі тырысып қалуы әбден мүмкін деп отыр. Қазіргі таңда балаларды екі құтқарушылар бригадасы мен туған-туыстары іздестіруде. Ал бұл өзенге қазір шомылу өте қауіпті. Себебі жауын-шашынның көп болғанынан өзеннің ағысы ұлғайып, ағаштар мен өсімдіктердің тамырлары көбейеді. Сондықтан құтқарушылардың жұмысы да қиындай түскен. Соңғы екі апта ішінде аталған аймақта суға кеткендер саны осымен сегізге жетіп отыр.