Оралда сұлулық салонында алған екпеден кейін 39 жастағы әйел көз жұмды

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, әйелдің екі беті көгеріп кетіп, аяқ астынан өзін жайсыз сезінгеннен кейін сағат 12.25-те жедел жәрдем шақыртылған. Алайда 5 минуттан кейін жәдел жәрдем бригадасы келгенше, әйел жан тапсырған. Дәрігерлер жансақтау шараларын жасағанымен, ол еш нәтиже берген жоқ.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.