Оралда тамақтан уланып 12 жасар қыз қайтыс болды, тағы 78 бала ауруханаға түсті

Агенттік ақпаратына жүгінсек, зардап шеккендердің барлығы облыстық құрт ауруына қарсы "Ивушка" балалар диспансерінде емдеуде болған. Азық-түлік инфекциясы сапасыз тағам тұтынудан болып белең алған.

24-шілде күнгі жағдаймен 30 баланың ахуалы ауыр, 48 баланың ахуалы орташа деп бағалануда. Балалардың орта жас мөлшері 4-15 жас аралығында.
Санаторийде эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, тазалық талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Жауапты адамдарға қатысты материалдар қалалық сотқа жіберіліп, балаларды жаппай уландыру себептерін тексеру одан әрі жалғасуда.