Оралда тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Жұлдызай» фестивалі өткізілді

Облыстық білім басқармасы мен «Өркен» қосымша білім беру орталығы ұйымдастырған байқауға облыс аудандары мен қаладан 10-16 жас аралығындағы 115 өнерпаз қатысты.

Аталмыш фестиваль жыл сайын жаңа есімдерді ашып келеді. Бұл жолы да солай болды. Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі балалар өз ән-билерін, суреттерін, қолөнерін ұсынды.

Облыстық кезең жеңімпаздары Астанада болатын «Жұлдызай» республикалық фестиваліне қатысады. Сондай-ақ оларға «Балдәурен» республикалық емдеу-сауықтыру орталығында демалуға мүмкіндік беріледі.