Оралда тергеу изоляторында отырған ер адамдар әйелдер камерасына өткел арқылы барып жүрген

Оқиғадан кейін кінәлі шенеуніктер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

"Бұл деректі мекеме әкімшілігінің қызметкерлері биыл шілдеде анықтады. Қызметтік тергеу нәтижесінде кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі камера араларындағы бүлінген қабырғаларды жөндеген.

"Осындай тәртіпбұзушылықты болдырмау мақсатында әйел адамдарды ұстауға арналған камералар жеке блокқа ауыстырылды", - деп мәлімдеді ҚАЖК баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, БАҚ-та Оралдағы тергеу изоляторында түсірілген видео пайда болған еді. Кадрда ер адам қабырғадағы тесік арқылы басқа бөлмеге өткені көрінеді. Ролик авторының айтуынша, тұтқындағылар ескі қабырғаны тесіп, әйелдер камерасына кіріп жүрген.


Loading...