Аталмыш жарысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және БҚО шекара мекемелерінен елудей спортшы қатысты. Өз салмақтарында қазақстандықтар Медет Оңдағанов, Ерболат Байбатыров, Азамат Мұқанов, Ерболат Жүсіпов және ресейліктер Андрей Горобец, Михаил Козедуб, Мовлоди Боялиев, Эдуард Кургинян жеңімпаз атанды.
Командалық есепте қазақстандықтар - бірінші, ресейліктер - екінші, қырғызстандықтар үшінші орынды еншіледі.