Оған еліміз облыстары мен Астана қаласынан 133 тоғызқұмалақшы қатысуда. Жарыстың ашылу салтанатында тоғызқұмалақтан ел құрамасының бас бапкері Айнұр Жақыпбаева бес бірдей тоғызқұмалақшыға спорт шеберінің куәлігін табыс етсе, соның үшеуі - БҚО-дан. Жарыста 66 бозбала мен 67 қыз 15-16, 17-18 және 19-20 жас аралығында сынға түсуде.
Қазақ драма театрының кең де жарық холында өтіп жатқан жарыстың алғашқы ойындарында павлодарлықтар сәтті өнер көрсетуде. Сондай-ақ қызылордалықтар, ақтөбеліктер, қостанайлықтар мен батысқазақстандықтар қарқыны да жаман емес.
9-10 қарашада блиц-турлар өтсе, 11 қарашада чемпионат жеңімпаз-жүлдегерлері анықталады.