Оралда туыстарының көзінше көпірден секіріп кеткен жігіт тірі қалды

БҚО ІІД басшысының орынбасары Берік Аймурзиннің айтуынша, 24 жастағы күдікті өз-өзін өлтіргісі келгеннен кейін көпірден секіріп кеткен. Оқиға 13 сәуір күні болған еді.

“Мұндай шешімді ол 12 сәуір күні қыз зорлағаннан кейін қабылдаған”, – дейді Берік Аймурзин.

Жас жігіт бұған дейін де ҚР ҚК 191 “Ұрлық” бабы бойынша сотталған. Қазіргі таңда оның әрекетіне қатысты ҚР ҚК 120 бабы “Зорлық” бойынша іс қозғалды.


Еске салсақ, төтенше оқиға 13 сәуір күні болған еді. 24 жастағы жігіт Орал өзені үстінен туыстарының көз алдында секіріп кеткен.