Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, 11 қазанда 11 сағат 22 минутта 2 және 3 қабаттағы балкондарда өрт шығып, жалын одан әрі 200 шаршы метр аумақта пәтерлерге таралған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Өрт салдарынан 1 және 2-ші подъездердегі жеті пәтер зардап шекті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Министрлік мәліметінше, өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметі 13 сағат 30 минутта шоғырландырып, 14 сағат 56 минутта сөндірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті