Оралда үстел теннисінен республикалық ашық турнир мәреге жетті

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, жарысқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының командалары қатысты.

Жас ерекшеліктеріне қарай қыздар арасында Алсу Сапарова, Гауһар Әлмағанбетова, Әсемгүл Сармалаева, ұлдардан Андрей Фолимонов, Эльдар Баяндин, Антон Чапов (бәрі де Оралдан) бірінші орынды иеленді. Мекемелер арасында Оралдың «Локомотив», «Дастан-2», БҚАТУ командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Әйелдер арасында Лаура Демирова (Ақтөбе), Айя Горяйнова (Орал), Алтын Құрамысова (Ақтөбе) жеңіске жетсе, ерлерден Руслан Тұрғамбаев (Ақтөбе), Геннадий Сұлтанов, Айдар Кенжеғұлов (екеуі де Оралдан) алда болды. 50-ден жоғары жастағы ерлер арасында оралдық Анатолий Ханыгин озды.

Жалпыкомандалық есепте Ақтөбе-1, БҚО, Ақтөбе-2 командалары жүлдегер атанды. Жеңімпаз-жүлдегерлердің бәрі де дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.