Бірінші кездесуде Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» Петропавлдың «Есілін» 3:1 есебімен жеңсе, ел чемпионы «Алматы» дәл осындай есеппен «Атырауды» ұтты. Бұл күні, әсіресе, алаң иелері «Конденсат» пен Хромтаудың «ТНК Казхром» командасы арасындағы матч аса тартысты өтті. Оралдықтар екінші орында келе жатқан хромтаулықтармен тең дәрежеде өнер көрсете білді. Матч бес партияға созылып, 3:2 есебімен хромтаулықтардың пайдасына шешілді.
Бүгін «Атырау» - «Есіл», «Алматы» - «ТНК Казхром», «Конденсат» - «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командалары өзара кездеседі.
Төртінші тур 13 наурызда мәреге жетеді.