Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған. Әйел бұл кезде үйінде жалғыз болған. Бұл туралы пікір білдірген полиция департаментіндегілер зейнеткердің үйінен заттардың жоғалмағанын айтты.
"9 наурыз сағат 18:30-да Зачаганск ауылының 1950 жылы туған тұрғынының мәйіті табылды. Өлімнің алдын ала себебі – көптеген пышақ жарақаты. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына берілді. Аса ауыр қылмысты ашу үшін БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдардың тізімі жасалуда. Сәйкес сараптамалар тағайындалды", - деді БҚО Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасының басшысы Сұлтан Шалдарбеков.
Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 2 және 192-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.