Ал бір жасар сәбидің бас сүйегі жарылып, ес-түсінен айырылған. Ладаның жүргізушісі мен қалған 2 жолаушының да аяқ-қолдары сынып, дереу ауруханаға жеткізілді. Ал жүк көлігінің жүргізушісіне түк болмаған. Жол ережесін де бұзған сол екен. Ол «Камаз»-ымен рұқсат етілмеген жерден бұрылған. Сол мезетте жеңіл көлік бүйірінен кіріп, шашылып кетіпті. Зардап шеккен жолаушылардың туыстары «Камаз» жүргізушісін оқиға орында өздері жазаламақ болған. Араға ақыры полицияға араласуға тура келді.