Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, кеше Орал қаласының № 13 орта мектебі директорының қабылдау бөліміне бір жасөспірім қоңырау шалып, оқу мекемесінің ғимаратына жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабарлаған. Аталған жерге Ішкі істер департаментінің тергеу-жедел тобы, Төтенше жағдайлар департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері келіп жеткен.
"Ғимараттан 43 оқушы, 23 мұғалім және 7 қызметші шығарылды. Тексеру 2,5 сағатқа созылды", - деп атап өтті ақпарат орталығындағылар. Ол сондай-ақ "жарылғыш заттың табылмағандығын" хабарлады. Полицейлердің хабарлауынша, Ішкі істер департаменітінің жедел тобы мен қалалық ішкі істер бөлімі жалған хабарды мектептің 6-сыныбында оқитын екі қыз бергендігін анықтады. "Қазіргі уақытта оқушылар ата-аналарының кепілдігімен үйлеріне жіберілді",- деп хабарлады ақпарат орталығындағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті