Caravan Logo

Оралда жасөспірім өзінің құрдасын атып алды

Оралда жасөспірім өзінің құрдасын атып алды
 
Оқыс оқиға 21 қаңтар күні орын алған. Үй иесінің ұлы қонаққа келген балалардың бірін мылтықпен абайсызда атып алған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
 
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мұндай оқиғаның болғандығын растап, ресми мәліметті кейін беретіндігін жеткізді.
 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалидың айтуынша, қазіргі кезде 14 жасар жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Жағдайы ауыр.