Оралда жеке тұрғын үй ауласынан Азаматтық соғыс кезінен қалған снаряд табылды

ТЖМ мәліметі бойынша, 26 шілде күні 17 сағат 25минута "02" қызметіне Г. Тоқай көшесінде орналасқан тұрғын үй ауласынан жер қазу жұмыстары кезінде, снарядқа ұқсас зат табылғаны туралы хабар түскен.

"Тексеру нәтижесінде ұзындығы 420 мм, диаметрі 76 мм заттың Азаматтық соғыстан қалған басында жарылғышы жоқ снаряд екені анықталды", - деп хабарлады баспасөз-қызметі.

ІІД қызметкерлері ату жарағын өңдеуге жіберді.