Жарысқа Павлодар, ОҚО, БҚО, Орал қаласы, Беларусьтан және Ресейдің Самара, Ульяновск қалаларынан жеті жастар командасы қатысуда. Олар парашютпен жерге дәл түсу, 3 мың метрге ерлер, 1500 метрге әйелдер арасында жеңіл атлетикалық жарыс және еркін әдіспен жүзуден сынға түседі.
Оралда әуе спорты түрлері бойынша арнайы мектеп жұмыс жасайды. Оның шәкірттері талай жарыстардан жүлделі оралып жүр.