Оралда жылдамдық қуған жүргізуші жұртты жарықсыз қалдырды


Мына кадрлерден автобустың жылдамдықты біраз үдеткені байқалады. Салдарынан, бұрыла алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп, электр бағанына соғылыпты. Құлаған бағана жанындағы тағы екеуін тартып әкеткен. Электр желілерін жөндеу үшін бүкіл ауданда жарықты сөндіруге тура келді. Ал жараланған автобус жүргізушісін жедел жәрдем алып кетті. Оның мас, не сау болғанын енді сараптама анықтауы тиіс.