Оралдағы 8 мектеп оқушыcының газдан улануына көзден жас ағызатын газ себеп болған

"Комиссияның 13 наурызда сағат 11.00 жасаған қорытындысы бойынша балалар сабаққа бара жатқанда көзден жас ағызатын газ балоны қолданылған. Кеше ауруханаға жатқызылған барлық 8 оқушының денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды".

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Орал қаласындағы №42 мектеп -гимназиясының территориясында 12 наурызда 14 сағат 08 минутта 8 және 12 жас аралығындағы 8 оқушы белгісіз бір газдан уланып ауруханаға жеткізілген болатын.