Хабарламада атап көрсетілгеніндей, балалардың денсаулық ахуалы орташа деп бағаланып отыр. Санитарлық-эпидемиологиялық тексерулер мен балалар денсаулығына күнделікті бақылау одан әрі жалғасуда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, зардап шеккендердің барлығы облыстық құрт ауруына қарсы "Ивушка" балалар диспансерінде емдеуде болған. Азық-түлік инфекциясы сапасыз тағам тұтынудан болып белең алды. Балалардың барлығы да шілденің 21 мен 23-і аралығында жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Тамақтан улану салдарынан барлығы 102 бала зердап шегіп, 12 жасар қыз қайтыс болды.
Сондай-ақ, сауықтыру орталығының медбикесі А.Сариева жұқпалы аурулар ауруханасына "сальмонеллез" деген диагнозбен профилактикалық емдеуге жатқызылды.
Санаторийде эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, тазалық талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Жауапты адамдарға қатысты материалдар қалалық сотқа жіберіліп, балаларды жаппай уландыру себептерін тексеру одан әрі жалғасуда.