Оралдағы "Металлист" зауытына 30 жыл толды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қару-жарақ зауытының Республика және облыс экономикасын дамытуға қосып отырған үлесін жоғары бағалады.

Өткен 30 жылда зауытта бай өндірістік тәжірибе жинақталып, ел көлемінде теңдесі жоқ технология игерілді, білікті инженер, технолог және конструктор мамандар дайындалып, бірнеше еңбек династиялары тәрбиеленді деді облыс әкімі.
Қазіргі таңда "Металлист" зауытында өндірісті жаңалау және жаңа өнім түрлерін игеруге бағытталған реабилитациялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Зауыттың 2003-жылға қабылдаған тапсырыс көлемі 2 миллиард теңгені құрайды.Соңғы уақытта мұнайгаз саласына арнап құрал-жабдықтар, ауылшаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерін шығару, тұрғындардың күнделікті тұтыным тауарларын өндіру жұмысы игерілді.
Соған қарамастан қазіргі жағдаймен зауытта соңғы 5 жылдағы 200 миллион теңгенің жалақы қаржысынан берешек сақталып отыр.