Оралдағы құрылыс компаниясы мүгедек-кәсіпкерге қолұшын созды

С.Баймұқановаға көмек көрсету жөнінде «Арба» тірек-қозғалыс мүшелері қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы» қоғамдық бірлестігі сұраған болатын. Мұны естіген өңірге танымал құрылыс компаниясы «VERITAS CREATIVE» маркалы тігін машинасын сатып алып, бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерге табыс етті.

«Даму» қоры аймақтық филиалының директоры Әлия Сәлиеваның айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау алдағы уақытта да жалғаспақ.