Оның айтуынша, қазір мұқият тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде оқиғаға прокуратура тарапынан қорытынды жасалып, айыпты адамдарға тиісті жаза қолданылады.
Ал балалардың жұқпалы аурулары ауруханасында агенттік тілшісіне хабарлауынша, қазір зардап шекккендердің денсаулық ахуалы орташа деп бағалануда. Олардың басым бөлігі ауруханадан шыққан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 22-шілдеде балалардың "Ивушка" сауықтыру орталығында ішек инфекциясы белең алып, 85 бала зардап шеккен болатын. Соның салдарынан бір бала қайтыс болды. Аурудың белең алуына сальмонеллез себепкер деп танылды.