Оралдағы станцияда темір жол цистернасынан үш тонна мұнай ағып кетті

Министрліктің ақпаратына сәйкес, мұнай төгілу оқиғасы Приволжье темір жолының Озинки станциясы мен Текесу станциясы бағытындағы поезд келген кезде Орал темір жол бекетінде болған.

Оқыс оқиғаның залал-зардабын жоюға қалпына келтіруші поезд жұмылдырылды. 24-наурыз күнгі 22 сағаттағы жағдаймен мұнайды тазарту жұмыстары 50 процентке атқарылды. Жиналған мұнай Орал жылу электр орталығына жөнелтіледі.