Оралдағы тамақтан улану салдарынан ауруханаға түскен балалар саны 85-ке дейін азайды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, зардап шеккендердің барлығы облыстық құрт ауруына қарсы "Ивушка" балалар диспансерінде емдеуде болған. Азық-түлік инфекциясы сапасыз тағам тұтынудан болып белең алған. Балалардың барлығы да шілденің 21 мен 23-і аралығында жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Тамақтан улану салдарынан 12 жасар қыз қайтыс болды.

Сондай-ақ, сауықтыру орталығының медбикесі А.Сариева жұқпалы аурулар ауруханасына "сальмонеллез" деген диагнозбен профилактикалық емдеуге жатқызылды.
Санаторийде эпидемияға қарсы шаралар қолданылып, тазалық талаптарын өрескел бұзу оқиғалары анықталды. Жауапты адамдарға қатысты материалдар қалалық сотқа жіберіліп, балаларды жаппай уландыру себептерін тексеру одан әрі жалғасуда.
31-шілде күнгі сағат 18-дегі жағдаймен ауруханада 4-15 жас аралығындағы 85 бала жатыр. Олардың арасында ауыр ахуалдағы бала жоқ болса, 1 бала орташа ауыр халде, 84 бала орташа халде деп бағаланды.