Оралдағы жәрмеңкеден арзан ет таба алмаған жұрт шу шығарды

Жарнамасы жер жарған жәрмеңкеге жұрт таңғы 10-нан бастап ағылған болатын. Ет, сүт, май мен көкөніске дейін жеткізіліпті. Тек оған тұрғындар риза болмай шықты. Біріншіден баға әкімдік айтқандай емес, әрі азық-түлік сапасы да көңіл көншітпейді екен.

Татьяна Кирсанова, Орал қаласының тұрғыны:



-.850 теңгеден жақсы ет аласыз дегені қайсы? Кілең сүйек, май. Бағасы да төмен емес, сол қалпы. Ұялмай келіп халықты алдайды. Облыстың түкпір-түкпірінен келген елді сандалтып нелері бар?!