Оралдан 30 шақырым жерде газ құбыры өртенуде

Куәгерлердің айтуынша, әуелі жарылыс сияқты дыбыс естілген. Бұдан кейін бірнеше метр биіктікке жалын көтерілген. Оттың көлемі үлкен болғаны соншалық, оны қаладан да көруге болады.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, бірнеше өрт сөндіретін машиналар келіп жетті. Отты сөндіретін техникалар келіп жатыр.

Бұл диаметрі 1200 миллиметрлік «Орынбор - Новопсков халықаралық газ құбыры екені анықталды, оның иесі - «Орал-Орталық Азия» халықаралық газ құбыры басқармасы. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт шамамен таңғы сағат үштің маында басталды, жедел штаб құрылды, төтенше жағдай жарияланды.


Бұл газ құбыры Зеленов ауданының 22 елді мекенін, Тасқала ауданын және Орал қаласын газбен жабдықтайды.

Таңғы сағат 7:30-да газ құбырының екі жағы бітелгені хабарланды, енді өрттің  одан әрі таралуына қауіп жоқ.