Ойынның 14-минутында оралдықтардың қорғаушысы, Қарағанды футболының түлегі Игорь Солошенко соққан жалғыз доп матч тағдырын шешті.
«Ақжайық» осы ойынмен биылғы маусымды аяқтады. Өйткені «Гефест», «Қазақмыс» командалары біріншіліктен шығып қалғандықтан, оралдықтар қалған екі турға қатыспайды. Батысқазақстандықтар үшінші орыннан үмітін әзірге үзе қойған жоқ. Бірақ кімнің қола жүлдені еншілері қалған ойындардың нәтижесіне байланысты. Әсіресе, «Ақжайық» үшін соңғы турларда өзін өкшелеп келе жатқан «Іле-Сәулеттің» ұпайға қол жеткізбегені керек.