«Ақжайық» алғашқы күнгі ойынында 1:3 есебімен есе жіберді. Бұл ойында оралдықтардан тәжірибелі ойыншы Алексей Фошин гол соқты.
Екінші кездесу де аса тартысты өтіп, «Ақжайық» 4:3 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтан» Петр Грибанов, Вячеслав Петров, Антон Татаров, Николай Шавалдиндер қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Бірінші топта «Мурман» екінші орында келе жатса, 15 ұпайы бар «Ақжайық» төртінші сатыда. Оралдықтар келесі ойындарын өз айдынында «Вымпел» (Королев) командасымен өткізеді.