Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жеткенімен, премьер-лигадан шығып қалды

Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасын» қабылдап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Алайда бұл жеңіс ештеңені шешпейтін еді. Премьер-лигадан кімнің шығып қалатыны өткен турда-ақ белгілі болған-ды.

Сонымен, ресейлік бапкер Андрей Чернышов жаттықтыратын «Ақжайық» командасы 26 ұпаймен 11-орынды иеленіп, Көкшетаудың «Оқжетпесімен» (25 ұпай, 12-орын) бірге келесі жылы бірінші топта ойнайтын болады. Команданың үздік шабуылшысы, ганалық легионер Мозес Саки биылғы маусымда 14 доп соғып, мергендер көшінде 4-орынға шықты.
Биылғы біріншілікте үздік өнер көрсеткен Қостанайдың «Тобылы» өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Команда капитаны - Орал футболының түлегі Нұрбол Жұмасқалиев.