Бірінші таймда Миланко Рашкович қос доп соқса, ойынның екінші кезеңінде Сергей Шевцов пен Руслан Хаиров мергендік танытты.
Бұл - «Ақжайықтың» қатарынан алтыншы жеңісі. Осы турдан кейін оралдықтар 43 ұпай жинап, екінші орындағы Көкшетаудың «Оқжетпесіне» жақындай түсті. Қоржынында 50 ұпайы бар «Оқжетпес» Қаратауда жергілікті «Лашынға» 0:2 есебімен есе жіберді.
«Ақжайық» алдағы ойындарын сырт алаңда өткізеді. 10 қыркүйекте Теміртауда бірінші лигадағы мықты командалардың бірі «Болатпен» күш сынасса, 13 қыркүйекте елордада «Астана-1964» клубымен шеберлік байқасады.