Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Болаттан» жеңіліп қалды

«Ақжайықтан» Руслан Валиуллин 26-минутта есеп ашқанымен, қонақтар бұл басымдылықты ұстап тұра алмады. Екі минуттан кейін Виталий Артемов таразы басын теңестірсе, екінші таймда Евгений Нестеров өз командасына жеңіс әперді. Сөйтіп екінші айналымда қатарынан алты рет жеңіске жеткен «Ақжайық» ұтылуға мәжбүр болды. 43 ұпай жинаған ол бұрынғысынша үшінші орында келеді. Көш басындағы Қаскелеңнің «Сұңқары» Семейде «Спартакты» 1:0 есебімен ұтып, 62 ұпаймен ұзай түссе, екінші орындағы Көкшетаудың «Оқжетпесі» мен Қарағандының «Гефест» командасы арасындағы ойын қонақтардың келмеуіне байланысты болған жоқ.

«Ақжайық» 13 қыркүйекте ел астанасында «Астана-1964», 20 қыркүйекте Ақтөбеде «Ақтөбе-Жас» командаларымен күш сынасады.