Оралдың «Ақжайығы» турнир кестесіндегі көршісі «Қайратпен» күш сынасады

Бес турдан кейін оралдықтар мен алматылықтар алты ұпаймен 5-6-алтыншы орындарды бөлісуде. Өткен турда «Қайрат» «Тобылды» өз алаңында 4:2 есебімен ұтса, «Ақжайық» 1:2 есебімен «Ертіске» жол берген болатын.

Өткен жылғы маусымда «Қайрат» өз алаңында «Ақжайықты» 2:1 есебімен тізе бүктірген еді.

19 сәуір күні командалардың қосалқы құрамдары жасыл алаңға шығып, онда алматылықтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс добын 54-минутта Рауан Сариев соқты. Соңғы минутта Р.Сариевтің 11 метрден соққан айып добы қақпадан қиыс кетті.