Айта кетсек, халықаралық әуежай жолақтарын жөндеу жұмыстары қазанның соңында аяқталған болатын. Кейін «Қазәуежобасы» институтынан мұнда көктайғаққа қарсы сұйықтықты пайдалануға тыйым салу туралы хат келген. Яғни мемлекеттің миллиардтары жұмсалған ұшу және қону жолақтары дұрыс жобаланбаған көрінеді. Енді әуежай басшылығы нысанның үздіксіз жұмыс істей алмайтыны жөнінде Инвестиция және даму министрі мен облыс әкіміне ресми хат жолдады. Олар бұл шалағайлыққа Азаматтық авиация комитетін кінәлап отыр.
Марғұлан Шәкенов, Орал халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары:
-Жауын-шашын кезінде көктайғақ болса, әуежайды біраз уақытқа жабуға мәжбүрміз. Негізі, Орал халықаралық әуежайы ұшақтардың ұшу және қону қауіпсіздігіне жауап бермейді.