Оралдық Е.Ларионова - Азия чемпионы!

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, 63 келі салмақта күрескен Е.Ларионова әуелі Мьянмадан келген Тхазин пуй Майды 4:0 есебімен еш қиындықсыз тізе бүктірді. Содан кейін моңғол қызы Нямгерей Бурнебатарды 5:3 есебімен ұтып, финалға шықты. Финалда қытайлық Чуинг Тангты жеңіп (5:2), жеңіс тұғырына көтерілді.

Кішкентайынан әкесі Алексей жаттықтырып, көптеген жарыстан жүлдемен оралып жүрген Е.Ларионова өткен жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ ол одан бұрын кадеттер арасында Азия, әлем біріншіліктерінде топ жарған еді.