Оралдық тілшіні өлтіруге тапсырыс берген қаскөй сотталды


 «Уральская неделя» газетінің тілшісіне былтыр қастандық жасалған болатын. Тура өз үйінің есік алдында оны пышақтап, травматикалық тапаншадан атқан-ды. Бұл қылмыс журналистің қызметімен байланыстырылып, Нұрлан Тахамбетов қыркүйек айында ұсталды. Тергеу барысында оған бұзақылық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша айып тағылғанымен, тек соңғысына кінәлі деп танылды. Айта кетерлігі екі тарап та соттың үкіміне көңілі толмай апелляцияға бермек. Зардап шеккен журналист тергеу органдары шын мәнінде тапсырыс берген адамды анықтай алмады дейді. Сондықтан істің қайта тергелуін талап етіп отыр.