Бұл - аталмыш театрдың Оралға биыл екінші рет келуі. Бұған дейін наурыз айында олар М.Булгаковтың атақты туындысы бойынша қойылған «Иттің жүрегін» (сахналаған Ресей халық әртісі Валерий Золотухин) әкелген болатын.
«Ер адам үйде жоқта» спектаклінде басты рольді «Сорлы Настя» телесериалы және басқа фильмдер бойынша жақсы таныс Елена Корикова сомдайды. Жиырмадан астам картинаға түскен белгілі ресейлік актриса «Современник», «Таганка актерлерінің достастығы» сынды танымал театрларда ойнаған.
А.Любченко қойған спектакльде сондай-ақ Анатолий Кот, Дмитрий Белый, Елена Суркова, Максим Дашевский сынды әртістер сахнаға шықпақ.