Тендерге табиғат қорын пайдаланушы 38 субьект қатысты. Байқау қорытындысы бойынша "Атыраубалық" АҚ 135,9 тонна бекіре тұқымдас балық аулауға, "Амангелді" және "Жамбыл" өндірістік кооперативтері тиісінше 10 тоннадан, "Еркінқала" - 4 тонна, "Қызылбалық" - 6 тонна, "Құрманғазы" - 8 тонна, "Ракуша", "Стандарт", "Тес" және "Манаш" кооперативтері тиісінше 3 тоннадан балық аулауға мұрсат алды. Сондай-ақ, балық өсіруші екі зауыт 4 тоннадан балық аулау құқығына ие болды.
Тендерлік комиссияның жұмысы барысында бекіре тұқымдас балық аулауға ниет білдірген 16 үміткердің өтініші қабылданбады.
2005-жылғы көктем және күзгі балық аулау маусымында бекіре тұқымдас балық аулау бойынша Қазақстанға бөлінген квота 244 тоннаны құрайды.