"Қазақстан үкіметі 2008 жылдың 30 мамырындағы №524 қаулыны қабылдады. Оған сәйкес оралманның куәлігі негізінде әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілетін құжаттар тізіміне енгізілді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Жұмысшының жұмыс берушіге жұмысқа қабылдануы кезінде ӘЖК ұсынуы ҚР Еңбек кодексінің міндетті шарты болып табылады. Бұрынғы тәртіп бойынша ӘЖК алу үшін жеке басын куәландыратын құжат ұсыну қажет болатын (туу туралы куәлік, жеке куәлік немесе ҚР азаматының төлқұжаты, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматының уақытша тұру куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі).
Оралмандар болса, осы құжаттарды алудың барлық процедураларының аяқталуын күтуге тура келген. Бұл жұмысқа тұру мәселесін қиындатқан. Енді, оралман құзырлы орган - "ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" РМҚК мен оның тұрғылықты жері бойынша құрылымдық бөлімшелеріне барып, оралман куәлігін көрсетіп, ӘЖК ала алады, деп хабарлады баспасөз қызметі.