Бұл туралы Caravan.kz медиа порталв Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесінің айтуынша, орамал таққалы қоғам пікірі екіге бөлінген.
“Бүгін бір ағамыз: “Басыңдағы орамалың үшін құрметтеймін” деді. Өткенде бір кісі телевидениеден хабарласып: “Сізді бағдарламаға шақырайық деп едік. Орамалыңызды шешіп келесіз бе?” дейді. “Неге” деппін сасқанымнан. Телевидениеге орамалдыларға рұқсат жоқ” дейді. Алланың парыз еткенімен Алладан қорықпайтындар ғана алысады-ау” деп күрсіндім де қойдым”, – деп жазды айтыскер ақын.
Еске салайық, айтыс майталманы орамал тағатын сіңлілеріне үндеу жасап, тәртіпке шақырғанын жазған едік.
"Орамал тақтың ба, соған сай бол! Орамал тақтың ба, сөзіңе ие бол! TikTok-та немесе Instagram-да отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп, әржерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі орамал – сенің абыройың”, – деген еді ақын қыз.